Вернуться назад Распечатать

Қыркүйекте мектепте сабақ басталады ма?


Қыркүйек айында жаңа оқу жылының басталуына күдік білдіретіндер қатары қалың. Бұл сұрақтың нақты жауабын Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева айтты. 
«Қыркүйекке дейін екі айдан астам уақыт бар. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, науқастардың өсу көрсеткіші 2 пайыздан төмен болып, бірде-бір науқас тіркелмесе һ біз қалыпты жағдайға қайта ораламыз. Балалар мектепке, студенттер өз оқуына барады», - деді ол. 
Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты мектеп оқушылары төртінші тоқсандағы сабақты онлайн оқып, соңғы қоңырау онлайн соғылды. Тек бітіруші түлектер ғана санитарлық нормаларды сақтай отырып, аттестаттарын салтанатты түрде алды.