Вернуться назад Распечатать

Денсаулық сақтау министрінің қызметін бір ғана адам атқарады


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус инфекциясын жұқтырып ауруханаға түсуіне байланысты оның қызметін уақытша вице-министр Ләззат Ақтаева атқарады. 
Айта кетейік, кеше министрдің қызметін үш вице-министр кезекпен атқарады деген ақпарат жарияланған. Олар: олжас Әбішев, Ләззат Ақтаева, Людмила Бюрабекова. 
«Бүгін таңертең басқа ақпарат шықты. Министр қызметін тек Ләззат Ақтаева ғана атқаратын болып шешілді. Біз үш вице-министрге күн сайын эстафета беріп жүрмейміз», - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 
Еске сала кетейік, 14-маусым күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен.