Вернуться назад Распечатать

Нұр-Сұлтанда крематорий салынады



Нұр-Сұлтанда бюджеттік бағдарлама жобасына сәйкес крематорий салуды жоспарлап отыр.

Нұр-Сұлтанда биыл крематорийді пайдалануға беруді жоспарлап отыр.  Жобаның басты мақсаты - дәстүрлі жерлеу мен қабірлердің аумағын азайту.

 Оны салуға 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге бөлінді.

Айта кетейік, жоба 5 тамызда жарияланды.

 Осы жылдың маусым айында Алматыда крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды деп хабарланды.