Вернуться назад Распечатать

Қазақстанда 13 инфекциялық аурухана салынады



Қазақстанда 13 жаңа инфекциялық аурухана салу жоспарлануда.  Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

«13 жаңа инфекциялық аурухана салынады, бұл бес мың тұрақты жұмыс орнын ашады», - деді Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында.

Слайдқа сәйкес, ауруханалар модульдік болады. Оларды «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында салу жоспарлануда.

 Ауруханаларда 2,7 мың жаңа төсек болады.