Вернуться назад Распечатать

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда әдеби мереке өтеді

Нұр-Сұлтан. Bairaq.kz - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Нұр-Сұлтан қаласында ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты рухани танымдылық әдеби мереке өтетіндігі жөнінде bairaq.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шара Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен  Абай ескерткіші жанындағы алаңда тамыз айының          23-і күні, сағат 11:00-де өткізіледі.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізігі мақсаты - ұлы ақынның шығармашылығымен танысу, талдау және насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақ бойында отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастыру.  Іс-шараға абайтанушы ғалымдар, интеллигенция өкілдері, депутаттар мен әкімшілік қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.