Вернуться назад Распечатать

Қыркүйектен бастап еріктілерге қазақстандық вакцина салынады


Қыркүйек айынан бастап коронавирусқа қарсы отандық вакцина клиникалық сынақтан өтеді. 

Вакцина 244 еріктіге салынады. Олардың 44-і вакцинаны клиникалық сынақтың бірінші кезеңінде алады, ал қалғандары екінші кезеңінде салдырады. 

Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты хабарлады. 

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық сынақтарға мақұлдаған болатын.