Вернуться назад Распечатать

Министр Цой өзіне ресейлік вакцина салғызды


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқы лекпен өзіне тұмауға қарсы вакцина салғызды. Бүгін, республикалық вакцинациялау науқаны басталар тұста министр Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық ауруханаға келіп, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын қабылдады. 
«Күз айларында тұмау жұқтыру қаупі жоғары. 2019-2020 жылдары Қазақстанда ЖРВИ жұқтырған 431 120 науқас тіркелген. Оның ішінде 284 033 науқас немесе жалпы көрсеткіштің 61,4 пайызы – балалар. Биыл екпе салдыру өте маңызды. Егер коронавирус пен тұмау қатар өршісе, елдегі тұрақты эпидахуалды ұстап қалу қиын», - деді ол. 
Министрдің айтуынша, осыған байланысты биылғы екпе науқаны жылдағыдан екі апта ерте басталып отыр. 
«Мен сіздерге Қазақстандағы вакцина тексерудің барлық сатысынан өткенін, қауіпсіз екенін өзім арқылы көрсеткім келді», - деді Цой.