Вернуться назад Распечатать

Қазақстан қалаларының бірінде карантин күшейтілді


Оралда қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Орал қаласының бас санитарлық дәрігері қала аумағында келесі шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады:

 - 65 жастан асқан адамдар үшін өте қажет болмаса, көшеге шығуды шектеу;
 - жексенбіде ауылшаруашылық және азық-түлік жәрмеңкелеріне тыйым салу;
 - жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысын тоқтату.

Сонымен қатар, Орал қаласының әкімі мен қалалық полиция бөліміне мекен-жайлар бойынша стихиялы базарларды жою тапсырылды.