Үндістанда тәртіп сақшыларын міндетті сынақтамадан өткізу барысында келеңсіз һәм күлкілі жағдай орын алды. Сынаққа қажетті жылқы саны жетіспегендіктен, орнына таяқтар берілді.
Нәтижесінде бірнеше қызметкер өздерін ақбоз айғырдың үстінде отырып, сипай қамшылаған адамша сезініп, бұттарына қысқан таяқты жауыр етті...
Олар жылқылардың орнына таяқтарды алып, сонымен күні бойы «жүруге» тура келді. Оқиға кеңінен жария етілгенде, жергілікті полиция қызметінің басшысы жаттығулар барысында аттардың жетіспеуіне байланысты осылай әрекет ету қажеттілігін түсіндірді. Сонымен қатар, ол жиналған азаматтардан полицияны мазақ етпеуін өтінді.