Вернуться назад Распечатать

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов сотталды


Сот Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты үкім шығарды. Сот шешімі бойынша, Қуанышбек Ысқақов жазасын түрмеде өтейді.

Қызылорда облысының  экс-әкімі Қуанышбек жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуі тиіс. Сондай-ақ, Қуанышбек Ысқақов мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Қызылорда облысының бұрынғы әкімін сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.