Вернуться назад Распечатать

Қорғаныс министрлігінің генералы пара алғаны үшін сотталды


ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды.

"2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.