
Еуразиялық ресурстар тобының (ERG) негізгі акционерлерінің бірі, қазақстандық олигарх Әлижан Ибрагимов Бельгияда қайтыс болды, деп хабарлайды қырғыз басылымы.
«Қырғызстанда Граф деген атпен танымал қазақстандық кәсіпкер Алиджан Ибрагимов бүгін, 3 ақпанда түнде қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Ибрагимов коронавирустың салдарынан көз жұмған.
«Бельгияда қайтыс болды, бірақ ол өзінің туған жері Тоқмақта жерленеді. Ибрагимов Қазақстанда коронавирус жұқтырған. Жағдайы нашарлап, Бельгияға емделуге кетті, кейін айтыс болды», - делінген хабарламада.
1992 жылдан бастап Ибрагимов екі танымал олигархтың - Александр Машкевич пен Патох Шодиевтің серіктесі болды. Ибрагимов ERG акцияларының 20,7% иеленді.