Вернуться назад Распечатать

Пара туралы хабарлаған қазақстандықтарға 34 миллион теңге беріледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға шамамен 34 миллион теңге төлейді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.

«Биыл 213 адамды марапаттауға бюджеттен 33 900 000 теңге бөлінді. Қаңтар айында аумақтық департаменттер 11 адамға 1 306 740 теңге сыйақы берді», - деді Данияр Биғайдаров.