Вернуться назад Распечатать

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізімін толықтыру жөніндегі ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

«5-1. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні – 15 сәуір».

Айта кетейік, бұл құжат 2021 жылдың 25 наурызына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық құқықтық актілер» сайтына орналастырылған.