Вернуться назад Распечатать

Нұр-Сұлтан: Қар тазалауға 1700 жұмысшы тартылды

Қазір Елорданың өзінде ақ түтек. Таяқ тастам жер көрінбейді. Түннен бері 1700 жұмысшы, 450 арнайы техника жұмыс істеп жатыр деп хабарлады дерек көздері.  

Нұр-Сұлтан әуежайында Нұрсұлтан -Жезқазған рейсі кейінге шегерілді. Ал ауа-райын болжаушылар бірнеше өңірде ескерту жариялады. 

Атап айтсақ Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн бұзылады. Ақмола мен Қарағанды өңірінде жауын-шашын болуы ықтимал. Павлодарда тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні де күшейеді. Қызылорда облысында да жол тайғақ. Түркістанда найзағай ойнайды. Мұнда желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетуі мүмкін.

Дереккөз: 24.kz