Вернуться назад Распечатать

Коронавирус бойынша екі өңір «қызыл аймаққа» кірді

Шымкент пен Жамбыл облысы коронавирус бойынша "қызыл аймаққа" ауысты. Еліміздің өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 3 мамырдағы мәліметті жариялады.

"Қызыл" аймақта: Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облысы.

"Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы.