Вернуться назад Распечатать

Мамин: Елордада «Дельта» коронавирус штаммының белгілері байқалады


ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қайта күшейтуге тапсырма берді. 
«Қазақстандағы эпидахуал тұрақты болғанымен, көрші елдердегі жағдай ушығып бара жатыр. Сондықтан, мемлекеттік шекаралардағы бақылау қызметін күшейтіп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалап, вакцинациялау қарқынын арттыру керек», - деді ол бүгінгі Үкімет отырысында. 
Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласында үндістандық «Дельта» коронавирус штаммына ұқсас мутация белгілері байқалатынын атап өтті. Бұл штамм тез таралуымен, жылдам өсуімен және ауыр салдарымен ерекшеленеді. 

Мамин санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтіп, ведомствоаралық комиссияға елордадағы ахуалға байланысты қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.