Вернуться назад Распечатать

Вакцина тасымалдаушы көлік жол апатына ұшырады

«Спутник V» вакцинасының мыңдаған флаконы Алматыдан Талдықорғанға тасымалдау кезінде сынып қалды.

Бұған себеп - вакцинаны апара жатқан көліктің жол апатына ұшырауы.

Айта кетейік, флакондардың ішінде «ГамКовид-Вак» вакцинасының 11 945 дозасы болған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Informburo.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында флакондардың шынымен де тасымалдау кезінде жол-көлік оқиғасы салдарынан сынып қалғанын растады.