Вернуться назад Распечатать

Назарбаев жайлы фильмнің жаңа тизері шықты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмнің жаңа тизері пайда болды. Бейнежазбаны Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жариялады.

«Штрихи к портрету. Откровение» деп аталатын деректі фильмнің бесінші сериясы 21 қазанда «Хабар» телеарнасының эфирінде көрсетіледі.

– Мен ешқашан айтпаған бір нәрсені айтамын. Бұл сенсация болады. Мені кешірсін… Маған қиын. Қорықпайтын адам болмайды, – делінген фильмнің үзіндісінде.