Вернуться назад Распечатать

«Серік Голова»: қылмыстық топтың серкесі ұсталды

Серік Жаманаев өзі басқарған қылмыстық топ мүшелерімен бірге ұсталды.


Сенбі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР ІІМ-нің Алматы облысы аумағында жүргізген бірлескен операциясы кезінде белгілі қылмыс әлеміндегі «авторитет» Серік Жаманаев тұтқындалды.

Қылмыстық топқа кісі өлтіру, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылып отыр.