Вернуться назад Распечатать

Жамбыл облысында автокөлік пен пойыз соқтығысты: 6 адам қаза болды

Жамбыл облысында көлік пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1 қарашада сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр», - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.