Вернуться назад Распечатать

Алматыда 25 сантиметрге жуық қар түсті

16 ақпан күні сағат 03: 00-ден бастап Алматыда жаңбыр жауып, арты қарға ұласқан.


Көктайғақтың  алдын-алу мақсатында, қар жауғаннан бастап, жолдарға, жол қиылыстарына  көктайғаққа қарсы қоспалар себіліп жатыр.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, сағат 09: 00-ден бастап 3073 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылған.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік тұрақтарын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың жоғарғы бөлігінде 15 см-ге дейін, таулы жерлерде 25 см-ге дейін қар түсті.