Вернуться назад Распечатать

Әләуләй: Қазақтар ұйғырдан тараған


Басылым беттерінде, әлеуметтік желідегі кей азаматтардың парақшаларында осындай жазбалар көбейген-ді. Қызды-қыздымен қазақты ұйғырдың белінен де таратқандар табылды. 

Журналистер қауымы жедел қимылдап, Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының басшысының орынбасары Абайдуллы Мухутдинович Жапаровқа хабарласқан. Профессор қос ұлттың жөн-жоралғысының ұқсастығы жөнінде тілдей пікір беріпті. 

Оның айтуынша, қазақтарды ұйғырлардан шықты деу – үлкен әбестік. Рас-ақ, мұндай қаңқудың тарауы да ұят. 

«Бұл – ешқандай негізі жоқ әңгіме. Бізде ортақ мұра бар, түркі халықтарына жатамыз. Біз – туысқан халықпыз», - деді ол. 

Жапаровтың айтуынша, ұйғырлар – мәдениеті озық, түріктерден кем түспейтін халық. 

«Бізде де ұлы ғалымдар бар. Олар түркі халқының мәдениетінің дамуына үлес қосқан. Махмуд Қашғари мен Жүсіп Баласағұнды ерекше атап өткім келеді», - деді ол.