Вернуться назад Распечатать

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары жабылады


Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары 19-наурыздан бастап жабылады. Бұл шешімді төтенше жағдайды қадағалайтын Мемлекеттік комиссия шығарды. 

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирустың кең етек алуына байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына карантин жариялауға шешім қабылдады. Бұл шешімді басқа қалаларға инфекция тарамауы үшін қабылдап отырмыз», - делінген мәлімдемеде. 

Карантин 19-наурыз күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. 

Карантин жарияланған қалаларда медициналық қажеттіліктер, азық-түлік қолжетімді болып қала бермек. 

Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті. 15 адам Алматы шаһарынан болса, қалған 17 адам елордадан.