Mazir
23 ноя 13:17korilim:329 Adebiet

Таудан биік Тауман Амандосов

Тауман Салықпайұлы Амандосов! Журналистиканың тарланы, факультет абыройын арқалаған тұңғыш декан, тау тұлғалы Тауман Амандосов қазақ үшін еңбек еткен азаматтардың бірі һәм бірегейі.  Журналист, ғалым, ұстаз, қайраткер айта берсек тізім толыға түседі. 

Тағдырдан теперіш көрген Тауман ел қатарына құрбы-құрдастарынан ерте қосылды. Өмір заңы солай ғой. Қиындық ер адамды шыңдай түседі. Болаттай берік, қиып түсер қылыштай жетілген Тау-ағаның шәкірттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде бар десек, артық айтқанымыз емес. Таукеңе шәкірт болғанын мақтан тұтатындардың қарасы қалың. Ұстаз үшін бұдан асқан бақыт бар ма, сірә?! Тауман Салықпайұлы 1946 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне түседі. Оқумен жұмысты қатар алып жүрген ол университетті үздік дәрежеде тәмамдайды. Өзі білім алған оқу ордасында ұстаздық қызмет етуге қалған Амандосов 1955 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды. Қызық дерек – оның бірінші оппоненті әйгілі жазушы, қазақтың біртуар тұлғасы Мұхтар Әуезов еді. 

Амандосовтың шығармашылығына қоғамдық, журналистік, публицистік қызметтері кедергі болмады. Ол әлем әдебиеттерін қазақ тіліне аударумен айналысты. Айта кететін жәйт, Амандосов Софроновтың «Власть» пьесасын аударып, кейін ол Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрында сахналанған. Атырау облыстық мемлкеттік мұрағатында ғалымның мынадай бір хаты бар: Амандосов Тауман Салықбайұлы 1921 жылы Гурьев қаласында туғанмын, ұлтым – қазақ, әлеуметтік тегім – кедей шаруа, ата-аналарым өмір бойы мал бағумен айналысқан, Қазан төңкерісінен кейін қайтыс болған. Қазіргі әлеуметтік жәйім – қызметші, ВЛКСМ қатарында 1937 жылдан мүшемін, білімім – аяқталмаған орталау». Неткен қарапайымдылық, шынайылық десеңізші?! Атыраудан шыққан алыптың ата-анасы мал бағумен айналысқан екен. Өзінің әлеуметтік тегін кедей шаруамын деп жазған Амандосов қазақтың ел танитын тұлғасына айналды. Бұл өзінің ерен еңбегі, бармақтай бағы деп білеміз. Амандосов мақалаларына атау қойғанда алыстан айғайлап, оқырманды өзіне шақырып тұрады. Бұл асқан шеберлік. Сөзімізге Тау-ағаның «Жабулы қазақ жабуымен қалды», «Балықшы Балым», «Артта қалушылықты жою керек» және «Майданға мұнайды көп жіберейік» атты мақалалары дәлел бола алады. Ол мақала жазуды, тілші ретінде шолу жасауды, фактіге сүйенуді терең меңгерген журналист. Мақалаларымен таныса отырып, сабақ алуға болады. 

                     Талабы таудай Амандосовтың журналистік қызметі 

Қалам сілтеп, ел үшін еңбек етіп, ақпарат айдынында жүзіп жүрген журналистер Тауман Амандосовты «журналистиканың атасы» деп атайды. Иә, бұл бекер айтылған сөз емес. Себебі, Тауман ағамыздың журналистика саласына сіңірген еңбегі ерен. Журналистика факультетінде сабақ беріп жүріп, мықты шәкірттер тәрбиелеген тегеурінді ұстаз. Оның жан досы болған Б. Қуанышбайұлы өз досын есіне алып, редакцияға алғаш барған сәтінен көзіне түскен Тауман қуатты, білімді қызметкер секілді көрінгенін айтады. Кейін оның да редакцияға енді ғана келген, даму жолындағы балаң қызметкер екенін біледі. Бір аяғының протез екенін біліп, ел мен жер үшін күрескен жауынгер деп ойлайды. Бірақ бұл ойының оғаш болғанын кейінірек білсе керек. Арда азаматтың ақсаңдап басқаны досының жанына батып, тағдырға налиды. Кемтар қылып қойғаны үшін ызаланады. Бірақ амал нешік тәңірден тәбәрік болған ғұмырдың сан қилы бұрылысы бар ғой. Тауман ағамыз жас күнінде қой бағып жүрген сәтінде оқыс оқиғаға тап болады. Аяғын жылан шағып алып, үйдің үлкендері дәрігерге көрсетуді ойламайды. Бұл үлкен қателік болды. Осылайша бір аяғы кесіліп, мүгедектер қатарына қосылады. 

Бірақ дәл осы жағдай оның ел игілігі үшін қызмет етуіне ешбір кедергі қылған емес. Екі аяғын тең басқан қанша адамнан озып, қазақтың әдебиетіне, журналистикасына тың жаңалықтар әкелді. Ол Қазақстан мен Орта Азияда баспасөз бен телевидениеге кадрлар дайындайтын тұңғыш идеологиялық факультет құруды өз мойнына санаулы басшылардың бірі болды. Ол бірқатар жоғары деңгейдегі кеңселердің қарсылығына қарамастан ұлттық журналистика мектебін құрды. Осы жылдар ішінде факультеттің материалдық-техникалық базасын құру мен профессорлық-оқытушылық құрамын нығайтуға және алғашқы оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға көп күш пен күш жұмсауға тура келді. 1971 жылы Тауман Амандосовқа профессор ғылыми атағы берілді. Республикалық «Казахстанская правда» газеті: «Соңғы уақытқа дейін Қазақстанда журналистика теориясының профессоры болған жоқ, қазір ол ҚазМУ-дың кафедра меңгерушісі Тауман Салықпаұлы Амандосов болды» деп жазды. КСРО-да ол кезде 15 одақтас республикада «Журналистика» мамандығы бойынша небәрі жеті профессор болғанын айта кеткеніміз жөн болар. Ол мынадай жаңа кафедралар ұйымдастыруға мұрындық болды:

- телерадио хабарларын тарату;

- қазақ журналистикасы;

- журналистік шеберлік пен әдеби редакциялау.

Тауман Амандосов «Журналистика» мамандығы бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш ғылым докторы атанады. Сондай-ақ, «Қазіргі қазақ журналистикасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылымдағы жаңа бағыттың негізін қалаушы болу мүмкіндігі екінің біріне беріле бермейтін тағдырдың сыйы ғой. Бармақтай бақ Амандосовтың басына «қонды».  Ол қазақстандық журналистиканың теориялық мектебінің негізін қалаушы профессор болды. Амандосов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін де марапатталды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Журналист болам деген, кез келген талапкер Тауман ағаның табиғатымен танысып өткені жөн болар. Себебі, оның бар мұрасы да – жастарға қалдырған білімі ғой. Ғалым үшін бұдан асқан байлық пен мұра жоқ.  Осы бір мақаламды жазып отырып, Тауман ағаның талантына бас шайқағаным рас. Артынан өзіме қарап, күрсінгенім де шындық. Себебі, адам баласына берілген сәулелі ғұмыр осылай мәнді һәм мағыналы өтуі керек секілді. Жұрттың соңында қал немесе Тауман ағадай қара үзіп елдің алдына шық!

Авторы: Жандос Мәдениет 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан «сары» аймаққа өтсе Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынады14:58Жеке куәлік алудың жаңа тәртібі енгізілмек15:48Тоқаев Бердымухамедовты «Алтын қыран» орденімен марапаттады15:43Сенат ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және цифрландыру туралы Заң қабылдады16:37Қазақстан АЭС салуда Оңстүтік Корея тәжірибесін пайдалануы мүмкін16:28Алтайдың Қатонында халықаралық айтыс15:3130 маусымда Парламент қос палатасының бірлескен отырысы өтеді09:48Шабдарбаев: Алтынбектің ісін Назарбаев тоқтатты13:29Қазақ – қай елде де тілімен қазақ...09:27Ермұрат Бапи Рысқалиевтың Назарбаевқа қатысты компроматты қалай пайдаланғанын айтты08:29Ерлан Қошанов әйелдердің зейнет жасын түсіруге байланысты пікір білдірді12:15Тоқаев РФ ұсынған жоғары дәрежелі орденнен бас тартты12:07Тоқаев Татарстан президентімен кездесті12:14Тоғжанов Қазақстандағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты11:50Біздің билік Жұмекенді білмейді-ау10:12