Mazir
06 сен 19:28korilim:85 BAS BAIRAQSHY BAGANY

Инвесторды ит қосып қумай-ақ…

Әу баста, Алматы облысының Қонаев қаласы аймағында шетелдік инвестор «International Academy of medicine and sciences» ЖШС-ның қаржысына бірнеше әлеуметтік нысандар салынуы жоспарланған кезде қуанышымыз да шек болмаған. Өкінішке қарай, осы жоба бойынша өткен 9 айдағы әкімшіліктің орынсыз тексерулері мен әшейін сөзбұйдаға салуы салдарынан үнділік инвесторлар бұл ойларынан бас тартыпты. 
Осыдан үш жыл бұрын, 2020 жылдың қарашасында «IAMS» ЖШС-і  Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасымен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы аймағында жаңа емдеу нысаны құрылысын салу туралы Келісімшартқа қол қойған еді. Бұл жобаны да қаржыландыруды тікелей инвестиция негізінде жеке компания жүзеге асырмақ болатын.
Жоба барысында аурухананың ковид салдарынан тап болған ірілі-ұсақты түрлі машақатын былай қойғанда, 891 миллион теңге кредиторлық қарызын өтеп берген инвестор жедел жобалау жұмыстарын жүргізіп, клиниканы дамыту, құрылыс жұмыстарын бастап та кетті. 
Жұқпалы аурулар ғимаратының құрылысы ойдағыдай аяқтала салысымен клиника бірінші рет үш жылға берілетін бірінші санатты аккредитациядан сүрінбей өтті. Міне, соның нәтижесінде кардиореанимация, кардиохирургия т.т.б. секілді жаңа бөлімшелер де ашылды. 
Жоғарытехнологиялық медициналық көмек көрсету түрлері 2 ден 27 ге ЖМКК (ВТМУ) дейін бір-ақ секірсе, тек өткен жылы ғана тартылған инвестиция көлемі 2 млрд теңгеден асып жығылып еді. 
Бүгінгі таңда 2024 жылдың тамызында тапсыруға уәде етілген клиниканың негізгі 4 қабатты нысанының құрылысы қарқынды жүргізілуде. 
Аталмыш жоба негізінде 2022 жылдың желтоқсан айында «International Academy of medicine and sciences» ЖШС-гі Алматы облысы әкімдігімен 30 млрд теңгелік меморандумға қол қойған еді. 
Инвесторлар Қонаев қаласында көпсалалы жоғарытехнологиялы аурухана құрылысын, фармацевтикалық зауыт нысандарын салуды және қос диплом беретін халықаралық информациялық технологиялар университетін ашуды да жоспарлаған болатын.
Инвесторлар келісілген жобаның сметалық құжаттары дайын екендігін қаңтар айында-ақ мәлімдегендерімен әкімшілік жағы асығар болмады. Тіпті, бұл жобаны бірлесе талқылау жиылысына әкім өзі келмей орынбасарын жібере салған. Сол жоба әлі күнге қараусыз тұр. Міне, осылай өзі келіп тұрған 30 млрдтық шетелдік инвестицияны жергілікті әкімшілік желге ұшырғалы отыр. 
Бұл аз десеңіз, биыл, шілде айында аталмыш жобаны талқылау мақсатында Қонаев қаласына Үндістан мен АҚШ-нан арнайы келген инвесторларды да қабылдауды әкім өзінің орынбасарына ығыстыра салғанды жөн санапты. Сол себепті де бұл жолғы кездесу тағы да нәтижесіз аяқталды.
Rupal N. мырза «IAMS» ЖШС-нің ресми сұратуы бойынша әкімшіліктен бір ай күттіріп барып зорға алған протоколдың мазмұны көтерген тақырыптан мүлдем аулақ жатыр деген таңғалысын тағы жасырмайды. 
Ал әкім орынбасарының көптің көзінше жасаған уәделі мәлімдемелері жай сөз күйінде ғана қалып келеді. 
Тіпті, облыстық прокуратура тарапынан «ҚР заңдарын өрескел бұрмалауға жол берген» деген шешімге де мойынсұнбастан әлі күнге дейін әкімшілік кедергілер мен, заңсыз тексерулерден көз аштырмаған әкімшілікті ағылшын заңдылықтары тұрғысынан Қазақстандағы іскерлік ортамызды қорғау мақсатында Астана халықаралық қаржы орталығы сотына шағымдануға мәжбүрлеуде. 
Міне, осының салдарынан Алматы облысындағы инвестициялық климат ақсауда. Осындай келеңсіз жағдайлар мен аяқтан шалу нәтижесінде біз меморандумның күшін жойдық. 
Президент Тоқаев Қ. өзінің жыл сайынғы Жолдаулары мен халықаралық форумдардың барлығында дерлік Қазақстанға шетелдік инвесторлар тарту мәселесін күн тәртібінен түсірген емес. Ел басшысының сөзін орындамақ тұрмақ, басшыға қолдау көрсететін қосшының табылмауы әрине, өкінішті. Бұлай кете берсе бір біз ғана емес, тіпті шетелдік те емес, отандық инвесторлардың өзі Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады дейді Рупал Наджхаван мырза.
Сонда мұны қалай түсінеміз? Жоқ, әлде, арнайы Президентке қарсы жасалынып жатқан әрекет пе? Еліміздің дамуына кедергі келтіретін, осындай кертартпа кесірлерлердің жолын қалай кесуге болады?
Азау Болат
Басу
дифракционная решетка для чего нужна http://www.sigmablog.ru сколько городов было в ссср https://www.fokusblog.ru почему онегин убивает ленского на дуэли http://fokusblog.ru что такое земельные ресурсы в географии http://algoblogus.ru чем отличается лавочка от скамейки

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: