Mazir
14 сен 10:23korilim:164 Ашық әңгіме

қателік

Университет жатақханасында менімен бірге Самат деген жігіт тұрды. Өте дарынды жігіт еді. Математика, физиканы, теориялық механика есептерін керемет шығаратын. Енді керемет дарынның нақ өзі болатын. Инженерлік сызбаларды да сауатты сызатын еді. Үнемі ізденісте жүретін-ді. Университетті қызыл дипломға бітіріп шықты. 

Біз жатақханадағы көрші ұл-қыздармен жақсы тұратын едік. Ойын күлкінің бәрі болатын. Кешке футболға, волейболға түсетінбіз, қыздар мен жігіттер қаланы серуендеп қыдыратынбыз. Студенттік шағымыз сондай керемет еді. Сызбаларды, дипломдарды сызып көп ақша табатынбыз. Ақшадан қысылмай жүрдік. 

2004-2006 жылдар аралығында біздің елде діни миссионерлер қаптап жатты. Оның ішінде сақалы бар мұрты жоқ, шалбары бар балағы жоқтар біздің айналамыздағы жігіттерді өздеріне тартып алып кетті. Бір таң қалатыным, әлгі сақалдылар бөгде адамды кіргізбейтін күзетшілерден де өтіп кіріп кететін. Күнде кешке жатақханаға кіріп алып, уағыздарын айтып жатты. Тілдері өте майда болатын-ды. Жанымдағы студент жігіттердің бәрі соларға қосылып, намаз оқып кетті. 

Бір күні (кешке) мешіттен шыққан соң  артымыздан келіп, 19 баланы аяқ қолын қайырып Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөліміне алып кетіп қалды. Ішінде мен де бармын. Комендант бар, деканат бар, басқасы бар, жабылып жүріп шығарып алды. Сосын әлгі “сақалдыларға” екінші рет бізге жоламаңдар” деп қадап айттым. Олар маған “ақыретте көрісеміз, кім қалай жауап берер екен” деді. Мен “ақыретте менімен шаруаң болмай қалады, өзіңмен өзің болып кетесің ғой” деп, келмейтіндей етіп қайтардым. Жігіттердің біраз бөлігі солардың соңынан еріп (сол бойы) кетіп қалды. 

Жанымдағы (әлгі) Самат деген жігіт Құранды жаттап алды. Күнде таңғы бесте Құранды (дауыстап) оқып отыратын-ды (көрші бөлмедегі қыздар сол үшін арызданған да болатын). Араб тілін жақсы игеріп алды. Самат деген атын Әбдуссамат деп өзгертті. Өзі де өзгерді. Ешкіммен сөйлеспейтін болды. Әзілдесуді де қойды. Күнде кешке мешіттен шықпайтын. 

Арада сәл уақыт өтті. Мен магистратураға құжат тапсырып, грантты жеңіп алдым. Оқуымды  ары қарай жалғастырдым. Бір күні Саматты көріп қалдым. Жағдай сұрастық. Магистратураға түстім десем, дүниәуи жолға түсіпсің бауырым, одан да дін мен Құранды оқып үйрен деп қолын бір сілтеді (бұл кезде мен де арабша сауатымды ашып, бірнеше сүрелерді жаттап алған едім). 

Кейінірек магистратурадағы оқуымды жалғастырып, ғылым бойынша кеттім. Ал Самат бауырым Саудияға қарай жол тартты. Сол бойы жоқ болды. 

Арада жылдар өтті. Бір күні Самат келіпті дегенді естіп, бір бөлмеде бірге тұрған Нұрлан жолдасымызды ертіп, Самат отырған мешітке бардық. Мешітке кіргенімізде Самат намаз оқитын жігіттердің жиырма шақтысын айналасына жинап алып, уағыз айтып жатыр екен. Бір шеттен қарап отыра бердік. Ол да бізге қарап, қарап қояды. Бірақ бізді кезінде бір қазаннан тамақ ішкен бауырлар(ым) ғой деп отырған жоқ (сияқты). Мешіттен адамдар тысқа шыққан кезде Нұрлан екеуміз Саматқа жақындап: 
-Ассалаумағалейкум, бауырым! Амансың ба? - деп едік, Самат(ымыз) бізге қараған да жоқ, сәлемімізді де алмады, жанымыздан (үн-түнсіз) өтті де кетті. Көз алдымда өткен күндердің қызықты сәттері лента құсап сырғып өтіп жатты. Қандай дарынды жігіт (еді), қандай технократ жігіт (еді)... Қай бағытты таңдап кетті? Қателісті. Солай... 

Қайран қазақтың дарынды жігіттері - ай! Қаншауын көрдім, басқа бағытты таңдап кетті. Жөні түзу идеология мен мемлекеттің қолдауы болмаған соң осы ғой.

Арада 13 жыл сырғып өтіпті. 
Мен оны содан кейін көрген жоқпын.

Естелік иесі Бекболат Қаржан
Басу
кто написал произведение что делать http://frutilupik.ru непредставление или непредоставление как правильно http://www.toktiblog.ru что такое описание в литературе https://toktiblog.ru разбор слова как часть речи россии https://sensorfaq.ru чем был интересен лужину лебезятников

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: