Mazir
06 дек 21:23korilim:327 Juldyzdar jarqyly

Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған


Көпбалалы әке Ренат Гайсин әнші Динаямен кездесіп жүргенін жасырмайтынын айтты. «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында Гайсин өзінің сүйіктісі Динаямен карантинді қалай өткізгені туралы әңгімеледі. Белгілі сазгер өзінің жаңа жұбайымен бірге тамақ істеп, бірге қыдырғаны туралы сөз етті. 
 «Адамдар бәрін көреді, бәрін түсінеді. Оларды алдау немесе олардан бірдеңе жасыру мүмкін емес. Біз Дина екеуміз бірге тамақ істеп, бірге қыдырдық. Бірақ аптасына бір рет міндетті түрде ән жазуға отырамыз. 3-4 күн ішінде жаңа ән жазатын болдық. Менің оған арнаған әндерімнің барлығы сезімнен,   махаббаттан туған. Біздің халқымыз әншілердің жеке өміріне емес, шығармашылығына қызықса екен деймін», - деді Гайсин. 
Еске сала кетейік, 2018 жылдың басында продюсер Ренат Гайсин мен әнші Диная «Просто люблю» атты әнімен көпшілікті тәнті еткен. Тыңдармандар бейнебаянда музыканттар арасында нәзік бір байланыстың бар екенін аңғарған. Содан кейін өнерпаздардың жанкүйерлері олардан бұл қарым-қатынасты түсіндіруді сұрады. Ал белгілі композитор еш қиындықсыз барлық шындықты ашып салды. 
«Мен үшін жеке өмірім өте маңызды, мен елдің алдында барлығын айта беруді жақтырмаймын. Бұл жай ғана уақытша нәрсе емес, бұл менің арманымдағы нәрсе. Мен осы жерге дейін келуім керек еді, келдім. Маған бәрі ұнайды, бәрі жақсы. Қарым-қатынасымыз туралы бүге-шігесіне дейін айтпаймын», - деді ол. 
Композитор өзінің төрт баласы бар екенін жасырмайды. 
«Менің өткен өмірім өткен уақытта қалды. Былтыр осыған дейінгі күндерім жақсы естеліктер болып қалатынын түсіндім. Төрт балам бар екенін де айтуға дайынмын», - деп түйді ол. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан жалақы мөлшері ең аз елдер қатарына кірді15:49Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті13:17Мирзиеев: Мұндай арсыздар арамызда әлі де бар09:25Қытай профессоры: Наурыз айының басына дейін 300 мың адам қаза табады08:58Бір тәулікте мыңға жуық адам инфекция жұқтырды08:46Алматы облысының бес жылдық даму жоспары әзірленді21:07БҰҰ бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады17:30Қытай: Коронавирустың өршуіне байланысты аурухана-изолятор салына бастады15:32Алтай Көлгінов: 2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз12:35Солтүстік Корея «әлемдегі ең қуатты қаруды» көрсетті10:45Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны күрт артты08:59Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды17:38БАҚ: Трамптың ұлы тергеуге шақырылды15:16Мәжілісте комитет төрағалары сайланды13:52Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болды13:12