Mazir
05 окт 12:54korilim:616 Onir tynysy

Алматы прокуратурасы елге келген шетелдіктерге ескерту жасады

Алматы прокуратурасы шетелдіктерге көші-қон заңнамасының нормаларын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қадағалау органы Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтарға жүгініп, олардан сақтық шараларын сақтауды сұрады.

«Құрметті республикамыздың қонақтары! Шетелдік азаматтар легі артуына байланысты көші-қон заңнамасын түсіндіру қажеттілігі туындады. Осы кезеңде қонақтар арасында көрші мемлекеттің саналы азаматтарымен қатар, түсініксіз себептермен келген адамдардың да елге кіру қаупі бар. Сондықтан сіздерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Заңнамадағы бұл норма көші-қон процестерінің ықтимал теріс салдарын болдырмау үшін дәл қарастырылғанын есте сақтаңыз.

Құрметті қонақтар! Назарларыңызға ұсынамыз: ЕАЭО-ға мүше мемлекет азаматтарының болу мерзімі хабарлама болған жағдайда мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 90 күнтізбелік күннен кейін аяқталады», - деді прокурорлар.

Бұл нормаларды сақтамағаны үшін заңнамада ӘҚБтК-нің 517-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені атап өтілді.

«Құрметті Алматы тұрғындары! «Көшіп келушілердің Қазақстанға келу және болу ережелеріне» сәйкес қабылдаушы тарап, яғни Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар иммигранттар туралы көшіп келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.

Шетелдіктің келуі туралы хабарлама үш тәсілмен (электрон виза және көші-қон порталы арқылы, тікелей көші-қон қызметі бөліміне немесе E-Qonaq қосымшасы арқылы) берілуі мүмкін», - деп толықтырды қадағалау органы өкілдері.

Көрсетілген мерзімді бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларға 10-нан 20 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзғаны үшін - 30-дан 100 АЕК-ке дейін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бір АЕК 3063 теңгеге немесе 382 рубльге тең.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Абзал ҚҰСПАН, заңгер: ӘР ІСКЕ ӘДІЛ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА КЕРЕК11:03Алматы облысында жол апатынан екі адам өртеніп кетті11:16Андрей Чеботарев: Сайлаушылар жаңа партияларға дауыс бере алады10:10Шетелдік көліктерді заңдастыру: 5 мыңнан аса адам қазақстандық нөмір алды14:34Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12:30Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді09:57Қарағанды облысындағы карьерде жұмысшы қаза тапты13:05Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды10:54Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды10:26БІЗ НЕ БІТІРДІК12:26Кәрім Мәсімовтің інісі аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда11:21Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды10:20Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді13:12Алматы: қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориал ашылды11:25Жыл басынан бері 93 адам пойыз астына түскен10:04