Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Жаһан жұртын дүрліктірген індетпен күресу – бүгінгі күні әрбір азаматтың борышы. Ал халық денсаулығын сақтау – мемлекет міндеті. Рас, Қазақстандағы науқастар саны өзге мемлекеттермен салыстырғанда тәубе дегізерлік деңгейде. Бірақ осы жағдай күрт нашарлап кетпеуі үшін сақтық шараларын күшейтуіміз тиіс.
Нұр-Сұлтан және Алматы шаһарларына ертеңнен бастап карантин жарияланды. Желіде аталған қалалардың шекарасы, полиция қызметкерлері қадағалайтын бекеттері көрсетілген карта да жарияланды. Аумақ тым кең әрі бақылауға қолайсыз.
Карантин жарияланатын болса-дағы Алматыдағы бірқатар сауда-ойын-сауық орталықтары бұрынғы режимде жұмыс жасап тұр. Кей мекемелер ғана есігіне тілдей қағаз жапсырып, шарасыздан жауыпты. Әлбетте, қыруар қаражат, дөңгеленген кәсіп тоқтайтыны даусыз. Дегенмен, Үкіметте арнайы қаулы қабылданып, шағын және орта бизнесті салықтан босату туралы, ірі көлемдегі несиелерге өтемақы қоспау туралы шешім шығарды.
Қазіргі уақытта ең басты міндет – індеттің кең етек алып тарауына жол бермеу. Бұл үшін қала тұрғындары өз денсаулығы үшін және қоғам үшін жеке бас гигиенасына мұқият қарауы тиіс.
Тағы бір кезек күттірмейтін мәселе – дезинфекциялау жұмыстарының қарқынын арттыру.
Интернет көпшілікке қолжетімді. Еуропада, АҚШ-та, Қытайда не болып жатқанын, қандай сақтық шаралары қолданылып жатқанын көре алады. Ал елдегі, әсіресе, Алматы және Нұр-Сұлтан сияқты науқастар тіркеліп жатқан қалалардағы дезинфекциялау жұмыстары қарын аштырады.
Назарларыңызға Қытайдағы, Еуропадағы дезинфекциялау жұмыстары мен елдегі сақтық шараларын ұсынамыз.
Қытайдағы дезинфекциялау жұмысы