Mazir
14 июл 14:11korilim:1 160 Onir tynysy

KAZ Minerals Орлов шахтасында қайтыс болған жігіт туралы ақпарат берді

ӨСКЕМЕН. BAIRAQ.kZ - KAZ Minerals компаниялар тобының баспасөз қызметі Шығысы Қазақстандағы Орлов кенішінің аумағында жазым болған жігіт туралы ақпарат берді. Компанияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұқарамен байланыс менеджері Ермек Дүзкеновтің айтуынша, опырылған тау жынысының астында қалған бекітуші Абай ауданының тумасы болған. «Қайтыс болған жігіт 1985 жылы Абай ауданында дүниеге келген. Артында 2 баласы қалды. Бекітуші болып жұмыс істеп жүрген. Төбедегі тас кесегі құлағанда қасындағы жігіт қашып үлгерген. Ал марқұм кесектің тура астында тұрғандықтан, қашып кете алмаған», - дейді Ермек Дүзкенов. Оқиғаның анық-қанығын арнайы құрылған тергеу комиссисясы анықтап жатыр. KAZ Minerals компаниясы жазым болған кеншінің отбасына қанша өтемақы төлеу керектігін де осы комиссия анықтайды. «Кәсіпорынның ұжымдық келісімшарты бойынша, қайтыс болған бекітушіні жерлеу шығындарына жұмыс беруші қаржылай атсалысатын болады. Оның сыртында кәсіподақ та көмектесіп жатыр. Ал қайғылы оқиғаға байланысты қанша өтемақы төленетінін тергеу комиссиясы шешеді. Жалпы мұндай жағдайларда көбінесе жазым болған жұмысшының бір жылдық еңбекақысының 10 есесі төленіп жатады. Дегенмен, бұл нақты деп айтуға әзір ерте. Нақты сома комиссия жұмысы аяқталған кезде ғана белгілі болады», - дейді менеджер. Еске салсақ 13 шілде күнгі сағат 3.00-де Шығыс Қазақстандағы Орлов шахтасының аумағында кеніш опырылып, соның салдарынан бір адам мерт болып, бір адам ауруханаға түскен болатын.

Басу
order probalan without prescription - probenecid 500mg uk tegretol 200mg oral

order celecoxib 200mg generic - order indomethacin 50mg indomethacin over the counter

order voltaren 50mg online - buy aspirin 75 mg sale order aspirin 75 mg generic

buy pyridostigmine 60mg for sale - pyridostigmine 60mg price buy generic azathioprine

where to buy zovirax without a prescription - zyloprim 100mg uk rosuvastatin without prescription

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: