Mazir
05 июл 18:17korilim:6 435 Onir tynysy / Жаңалықтар

МЫРЗАШӨЛДЕ ЖАҢА ОБЛЫС АШЫЛУЫНА ҚАРСЫ БОЛҒАН НҰРМАХАН ЖОЛДАСОВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ШЫҒАРЫЛУЫ МҮМКІН


«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Nur Otan»-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтың мәселесін Саяси кеңестің аймақтық Бюросында қарап, оны партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептейді.

2019 жылы 29 маусымда Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары болып тағайындалғаны, Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясы Төрағасының жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарын таныстырғаны белгілі.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев партияның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Бауыржан Байбектің тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті.

– Бауыржан Байбек «Болашақ» бағдарламасының түлегі, дипломатиялық қызметте және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. Ол бұған дейін партия Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі лауазымындағы жұмысына оң баға беруге болады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбектің партияны және бүкіл мемлекетімізді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының қызметі бүкіл елімізді дамытуға бағытталуға тиіс екендігін атап өтті.

http://www.akorda.kz/kz/events/astana_kazakhstan/astana_other_events/elbasy-nur-otan-partiyasynyn-ortalyk-apparatyna-bardy

Ал 2019 жылғы 1 шілде күні Қазақстан Президенті «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.

Мемлекет басшысы Үкіметпен, Мәжіліспен, мәслихаттармен өзара іс-қимылдарды күшейту, бастауыш партия ұйымдарын нығайту қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды уәделердің орындалуы үшін партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге назар аударды.

– Партияның міндеті – сайлауалды уәделердің орындалуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту. Халықтың барлық аманатының орындалуын қатаң бақылауға алып, олардың нақты орындалуын қамтамасыз ету керек. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін халыққа уақтылы әрі тиімді жеткізу маңызды, – деді Қазақстан Президенті.

http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/kazakstan-prezidenti-nur-otan-partiyasy-toragasynyn-birinshi-orynbasary-bauyrzhan-baibekti-kabyldady?fbclid=IwAR3C-dDH06pMdPQntoN03LQfTxE0avwoT5XZ9ikPpkILqF6L5KPVLCHX85E

Кеше, 2019 жылғы 4 шілде күні «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Тwitter-дегі парақшасында былай деп жазды:

«Партияға «Nur Otan»-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасарының үстінен көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде.

Соған байланысты филиал төрағасының келісімімен бұл мәселені Саяси кеңестің аймақтық Бюросында қарап, Н. Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептеймін.

Халықтың партияға деген сенімін арттыру үшін партиялық тәртіпті түбегейлі күшейтіп, ішкі «тазалау» жұмыстарын жүргізу қажет».

https://twitter.com/BauyrzhanBaibek

Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтың тікелей бізге қатысты мынадай іс-әрекеттер жасағанын қалың жұртшылық үшін жария еткіміз келіп отыр.

2018 жылғы 24 қараша күні «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» атты жазба жариялап, біздің ар-намысымызды, қадір-қасиетімізді және іскерлік беделімізді қорлайтын сөздер жазды.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=614336642314803&id=100012154187653

Атап айтқанда, тікелей біздің атымызға бағытталған кекесін мен мысқылға құрылған осы жазбасында Нұрмахан Жолдасов бізге жала жауып, бізді «ел арасына іріткі салушы», «ойына келгенін жазып, жұртты дүрліктіруші» адам ретінде сипаттады.

Нұрмахан Жолдасовтың бұл жазбасын кейбір адамдар көшіріп басып, әлеуметтік желіде одан әрі таратты.

Біз ғалым, азамат және «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде Нұрмахан Жолдасовтың әлеуметтік желіде жарияланған «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» атты жазбасын біздің ар-намысымды, қадір-қасиетімді және іскерлік беделімді қорлайтын және бізге жала жапқан жарияланым деп есептейміз.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтан тікелей біздің атымызға бағытталған, кекесін мен мысқылға құрылған, жоғарыда атап көрсетілген жазбасындағы бізді «ел арасына іріткі салушы» адам ретінде сипаттаған және басқа да пікірлерін әлеуметтік желідегі өзінің парақшасы арқылы терiске шығаруды және менен ресми түрде кешірім сұрауын талап етіп, «Nur Otan» партиясы Төрағасының сол кездегі Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың атына хат жолдаған едік.

Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Төрағасының сол кездегі Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтан 2018 жылғы 24 қараша күні әлеуметтік желіде біздің ар-намысымызды, қадір-қасиетімізді және іскерлік беделімізді қорлайтын және бізге жала жапқан сөздер жарияланған «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтың іс-әрекеттеріне партиялық этикалық және құқықтық тұрғыдан баға беруді, сондай-ақ Нұрмахан Жолдасовқа қатысты қатаң шара қабылдауды сұрадық.

https://www.facebook.com/mzhakyp/posts/1992928750787998

Сонымен бірге «Nur Otan» партиясының басшыларына Түркістан облысын және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалын басқарып отырған адамдардың бізге қарсы әлеуметтік желілер арқылы «ақпараттық шайқас» ұйымдастыру туралы тапсырмаларын дәлелдейтін көшірмелерді ұсынғанбыз.

https://www.facebook.com/mzhakyp/posts/1993115510769322

Сондай-ақ 2018 жылғы 30 қараша және 1 желтоқсан күндері Елордамыздан Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарына арнайы іссапармен барып, жергілікті ұстаздармен және азаматтық қоғам белсенділерімен кездесіп қайтқан едік.

Жүздесу барысында Мырзашөл өңірінің тұрғындарын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып:

- Елі сүйген, елін сүйген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстанның қиыр оңтүстігінде жатқан Мырзашөл өңірінің игерілу тарихын терең зерттеуге кеңінен жол ашып отырғаны;

- 2018 жылғы 28 қараша күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның VIII Азаматтық форумына қатысқаны және Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының арнайы шақыруымен Президентіміздің азаматтық қоғам белсенділерімен өткізген арнайы кездесуінде біз де болғанымыз;

- Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың азаматтық қоғам белсенділерімен арнайы кездесуі кезінде айтқан сөздерінің бізге айрықша ұнаған тұстары;

- Елбасымызбен осынау жүздесуден алған әсеріміз;

- Халықтың мұң-мұқтажын ресми билік орындарына жеткізіп отыратын, қазіргі қоғамға өте қажет «Қоғамдық байланыс» саласының ерекшеліктері;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 172-VІ ҚРЗ Заңы;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ ҚРЗ Заңы және тағы да басқа мәселелер жайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.

Өкінішке қарай, Түркістан облысындағы Мақтаарал және Жетісай ауданының әкімдері мен мемлекеттік қызметшілері біздің Елбасымыздың қазіргі жүргізіп отырған салиқалы саясатына және Президентіміздің жақында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында сөз болған өзекті мәселелерге қолдау білдіріп, оны жұртшылық арасында талқылау мақсатында Мырзашөл өңіріне арнайы бара жатқанымызды алдын-ала біліп отырса да, бізбен кездесуден бас тартты.

Соған қарамастан, бізбен кездесуге келген ұстаздар қауымы мынадай ахуалға қатты ыңғайсызданып, «мүмкін, бұл кездесуімізді мектепте өткізерміз» деген оймен мектеп директорларына хабарласқан еді, олар да әртүрлі сылтаулар айтып, ат-тондарын ала қашты.

Міне, осындай жағдайда Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы жергілікті ұстаздармен және азаматтық қоғам белсенділерімен бірге Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен халық мүддесі үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылап, Президентімізге қолдау көрсетіп, өзара ой бөлісу үшін лайықты орын таба алмай, Асықата кентіндегі асханалардың бірінде бас қосуымызға тура келді.

Қорыта айтқанда, Елордадан Мырзашөлге арнайы барып, Елбасымыздың жаңа мақаласын асханада отырып талқылауға мәжбүр болған едік.

https://www.facebook.com/mzhakyp/posts/2006709619409911

Біз өзімізге қарсы әдейі ұйымдастырылған бұл іс-әрекеттерге «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтың тікелей қатысы бар деп есептейміз.

Сондай-ақ Нұрмахан Жолдасов өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, Түркістан облысының орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты мектеп мұғалімдері мен оқушылардың облыстың жаңа орталығына барып-келуі қиындап кеткенін ашық жазған ұстаздар қауымына, тіпті Мырзашөл өңірінің өзекті мәселелері туралы Елбасымызға хат жазған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Шералы Қаныбековке де қысым көрсеткенін жұртшылық жақсы біледі.

Нұрмахан Жолдасов «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымын пайдаланып, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Шералы Қаныбековтің мәселесін «партия беделін түсірді» деп «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісіне қаратқызып, халық қалаулысының атқарып отырған қызметінен босатқызғаны есімізде.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтың мұндай іс-әрекеттерге баруының басты себебі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атына жолданған:

– Түркістан облысының әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне және Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылуына байланысты қазақтың Мырзашөл өңірінің еліміз үшін саяси-экономикалық және стратегиялық тұрғыдан ерекше маңызы бар екенін ескере отырып, шекара маңындағы елді мекендерді жалпы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту және жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңының негізінде қазіргі Мақтаарал, Жетісай, Шардара және оған іргелес жатқан басқа да қала, аудандарының негізінде өз алдына дербес жаңа облыс құру туралы біздің ұсынысымыз;

– Мырзашөл өңірінің халқының Елбасымыз бен ҚР Президентінен 1997 жылғы 24 сәуiрдегi № 3474 Жарлықпен таратылған Асықата ауданын қайта ашып беруді өтінген хаттары деп ойлаймыз.

Осыған орай, жоғарыда атап көрсетілген жайттарға байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі және «Nur Otan» Партиясының Саяси Кеңесі өздерінің лайықты бағаларын беріп, тиісті қорытынды шығаруды сұрап, бірнеше рет хат жолдағанбыз.

Міне, жоғарыда баяндалғанындай, кеше, 2019 жылғы 4 шілде күні «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Тwitter-дегі парақшасында:

«Партияға «Nur Otan»-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасарының үстінен көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде.

Соған байланысты филиал төрағасының келісімімен бұл мәселені Саяси кеңестің аймақтық Бюросында қарап, Н. Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептеймін», - деп жазды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қиянат қылма адамға – таза еңбек істе заманға» деген сөзі бар. Данышпан атамыздың осынау ұлағатты өсиетін билік басында жүрген әрбір азамат есте ұстаса екен!
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: