Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Төтенше жағдай кезінде табыс көзін жоғалтқан Қазақстан азаматтары мемлекеттік қордан әлеуметтік сақтандыру көмегін ала алады. Әлеуметтік жәрдемақының көлемі – 1 минималды айлық табыс немесе 42 500 теңге. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
Абаевтың айтуынша, мемлекеттік қордан бөлінетін жәрдемақыны келесі талаптарды орындау арқылы алуға болады:
- Төтенше жағдайға байланысты ақысыз демалысқа кеткен қызметкерлер жәрдемақы ала алады. Ол үшін әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына қызметкер үшін жұмыс беруші соңғы 12 ай ішінде 3 мәрте жарна төлеген болуы тиіс.
- Әлеуметтік жәрдемақы орта, кіші және микро-бизнес саласындағы қызметкерлерге ғана беріледі.
- Жәрдемақының жаңа түрін алу үшін жұмыс беруші жұмыспен қамту туралы құжаттарын жергілікті органдарға алып баруы тиіс.
Абаевтың айтуынша, бұл жәрдемақыны тек төтенше жағдайға байланысты ақысыз демалысқа шыққан қызметкерлер ала алады.
«Жұмыс берушінің өтінішіне қарай жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығы шешім шығарады. Ал «Азаматтық үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз алдына мемлекеттік қордан қаражат бөлінетін нысандардың тізімін жасайды. Жәрдемақы ақысыз демалыс уақытында және төтенше жағдай біткенше қызметкерлердің қолына тиеді», - деді министр.
23-наурыз күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетінін айтқан.
Басу