Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов егіс алқабында тыңайтқыштардың жеткілікті қолданылмайтынын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда тыңайтқыштарды қолдану көлемі ғылыми қажеттіліктің небәрі 26% ғана құрап отыр. Көрші елдерде бұл көрсеткіш бізден бірнеше есе жоғары. Қазақстанда тыңайтқыш өндіретін 12 зауыт жұмыс істейді. Мемлекет өнімді сатып алу үшін фермерлерге субсидия береді. Сондықтан өндірісті ең алдымен отандық нарыққа бағыттау қажет. Сарапшылардың бағалауы бойынша минералды тыңайтқыштардың жеткілікті деңгейде себілмей қалуынан біздің дихандарымыз 10 млн тоннаға жуық жоғары сапалы бидай өндіру мүмкіндігінен айырылып отыр. Бұл жиналған өнімнің жартысына жуық», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Премьер-Министрдің айтуынша, топырақтың тозуы мен егіс алқаптарын арамшөптердің басуы өнімнің сапасы мен көлеміне кері әсер етуде.
«Суды көп қажет ететін дақылдардың алқаптарын азайту тетіктері дұрыс жолға қойылмай келеді. Бұл ретте, фермерлер арасында түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Оларға жұмыс жүргізудің балама нұсқалары ұсынылмаған», - дейді ол.
Басу