Mazir
16 апр 17:34korilim:1 108 Ekonomika

Қазақстандықтар қаржы ұйымдарына қанша қарыз?


5,3 миллион қазақстандық азамат банктерге және микроқаржы ұйымдарына жалпы көлемі 4,4 триллион теңге берешек. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі жариялады. 

Төтенше жағдай кезінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторының борышкерлеріне қолайлы жағдай жасап берумен айналысып жатыр. 

«Өткен жылы жасалған банк секторы активтерінің сапасын тексеру жұмыстарының арқасында бұл сала дағдарыс жағдайына дайын болды. 2008 жылдан бері жиналып қалған бірқатар мәселелер өз шешімін тапты. Банктердегі бизнес процесінің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта агенттік банктермен келісе отырып, борышкерлер мәселесі бойынша жұмыс істеуде», - деді агенттік төрағасының орынбасары Олег Смоляков. 

Смоляковтың айтуынша, пандемияның кері әсерінің алдын алу үшін борышкерлері көп қаржы ұйымдарын қаржыландыру бағытындағы аникризистік шаралар қолға алынуда. 

Ол белгіленген шараларды атап өтті. Біріншіден, 2020 жылдың 30-наурызынан 30-қыркүйегіне дейінгі кезеңге пруденциялық реттеудің уақытша контрциклдық шаралары енгізілді.

«Пруденциялық реттеудің уақытша шаралары ең алдымен шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге капитал мен өтімділікті босатуға бағытталған», - деді О. Смоляков.

Екіншіден, шағын және орта кәсіп субъектілерін жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда. Оған 600 млрд.теңге бөлінді. Смоляковтың айтуынша, аталмыш бағдарламаны мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп әзірледі. 

«Бағдарлама екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге айналым капиталын толықтыруға 12 айға 8% жеңілдік несиелерін беру арқылы жүзеге асырылады. Активтердің сапасын тәуелсіз бағалаудан (AQR) өткен және өз қоржынында шағын және орта бизнес субъектілеріне қарыздары бар 13 қатысушы банк анықталды", - деді Смоляков.

Қазіргі уақытта несие төлемін жасауды уақытша шегеру үшін қаржы ұйымдарына 1,5 миллион адам мен 12,1 мың шағын және орта бизнес субъектілері өтініш берген. 1 340 707 адам жалпы суммасы 186,1 миллиард теңге несиені шегеру құқығын алды. Ал шағын және орта бизнес субъектілері үшін шегерілген несие көлемі – 131,4 миллиард теңге. Шегеру уақытында борышкерді іздеу және талап ету шаралары тоқтатылады. 

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: