Mazir
21 апр 15:00korilim:2 475 Ekonomika

Расул Жұмалы: Билік Ұлттық қордағы ақшаны сақтап қалғысы келеді


Еліміздің бас шаһарларына карантин жарияланғалы бір ай уақыт өтті. Коронавирус эпидемиясын ауыздықтауға қанша күш салынса да, сандардың азайғаны байқалмай тұр. Мемлекет басшысы мен Денсаулық сақтау министрі де індеттің шарықтау шегіне енді жетеміз деп отыр. 

Халық үрейлі. Көптің жиған-терген тиын-тебені түгесіліп, жаппай қаражат іздей бастады. Әлбетте, мемлекет тарапынан берілген 42 500 теңге, бас партиядан таратылған 50 мың теңге, коммуналдық төлемдер үшін берілетін 15 мың теңге – айтарлықтай көмек. Десек те, дәл осы көмекке шын мұқтаж азаматтардың қолы жетпей қалғандары баршылық. 

Ал жалпы көпшілікті карантиннен кейінгі күніміз не болады деген сауал мазалайды. Өйткені, ақпарат құралдары арқылы экономистердің, шетелдік сарапшылардың «жұмыс орыны, қызметкерлер қысқарады» деген сипаттағы мәлімдемелері көптің көңіліне қорқыныш ұялатып отыр. 

Bairaq.kz ақпараттық-сараптамалық порталы осы ретте көптің көкейіндегі сұрақтарды белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы мырзаның назарына ұсынды. 

«Меніңше, коронавирус әлемге, Қазақстанға үлкен сын болатын түрі бар. Қазірдің өзінде әлемдегі саясаткерлер, экономистер әлемдік экономиканың дамуы тоқырауға ұшырайды деген ойда. Бұл әңгімелердің негізі бар. Қазақстанда орта және шағын бизнес, халыққа қызмет көрсететін орталықтар, тіпті, ірі бизнес мемлекеттік қолдаудың аздығынан тығырыққа тіреліп отыр. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, біздің экспорт көзіміз – мұнай мен газдың бағасы үш есеге дейін құлдырады. Мұнайды өндіруді қысқарту жөніндегі келісім нәтижесінде Қазақстанның экспорты 20 пайызға дейін қысқаратын түрі бар. Карантиннің қашан аяқталатынын немесе мұнай бағасының қашан көтерілетінін ешкім білмейді. Егер карантин жалғаса берсе немесе күз маусымында қайта күшейсе, шағын және орта бизнес қожайындары үлкен шығынға батады. Бұл процесстің артында мыңдаған адамның жұмыссыздығы мәселесі тұр. Карантин біткен күнде де біршама қиындықтар орын алмақ. Қордаланған мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы – Ұлттық қордағы 70 миллиард доллар қаражатты қолдану. Дегенмен, Үкімет әлі күнге дейін бұл ақшаны сақтап қалуға тырысуда. Халық қысылса, жағдай ауырлай түссе ішкі жағдай өзгеріп, азаматтар баскөтерулерге баруы, жаппай тәртіп бұзуы ықтимал. Сондықтан, әлеуметтік қолдау мәселесін күн тәртібіне қойып, толқулардың алдын алу керек», - дейді белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы. 

Басу
probenecid 500mg brand - benemid 500 mg uk order carbamazepine for sale

purchase mestinon without prescription - azathioprine 25mg cheap imuran 50mg cheap

buy isotretinoin 20mg online cheap - oral isotretinoin how to buy zyvox

order acyclovir 400mg pills - order zovirax 400mg pill buy crestor 20mg generic

modafinil canada modafinil us oral provigil buy provigil online cheap buy modafinil 100mg sale modafinil 200mg oral modafinil 200mg generic

buy generic azithromycin 500mg - order tindamax 300mg sale metronidazole 200mg cheap

The thoroughness in this break down is noteworthy. http://zgyhsj.com/space-uid-979401.html

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: