Mazir
31 май 20:31korilim:1 146 Ekonomika

Ертеңнен бастар армениялық көліктер тіркеледі: Қандай талаптары бар?

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Армениядан келген көліктерді тіркеу бойынша ең көп қойылған сұрақтарға жауап берді. 
Қазақстанда Армениядан келген қандай көліктер тіркеле алады?
Арменияның өкілетті органдарында тіркеліп, қазақстандық азаматтың атына өткен сол жақ рөлді көліктер, сондай-ақ осы талаптарға сай 2020 жылдың 1-ақпанына дейін жеткізілген көліктер тіркеле алады. 
Шетелдік көлікті тіркеудің құны қанша? 
Үкімет қабылдаған қаулы бойынша автокөлікті тіркеудің жалпы құны – 11 946 теңге. Бұл шығынға тіркеу жарнасы, техникалық құжат үшін шығын және мемлекеттік нөмірдің құны кіреді. 
Неге сары нөмірлер беріледі?

Армениядан әкелінген көліктерге басқа елдерде тұрақты тіркеуде тұратын көліктердің ережесіне сәйкес сары нөмір беріледі. Сонымен қатар, нөмірлер аймақ бойынша «01» мен «17» аралығында кодталады. 
Неге оң жақтан басқарылатын көліктер тіркелмейді?
Оң жақтан басқарылатын автокөліктерді тіркеуге 2009 жылғы «Жол-көлік қозғалысы туралы» заң бойынша және Кеден одағының «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен тыйым салынған. 
Оң жақтан басқарылатын көліктер Жапония, Ұлыбритания сияқты сол жақ бағытты қозғалыстағы елдер үшін жасалған. Қазақстандағы қозғалыс ережесі бойынша мұндай көліктер біршама мәселелер туғызуы мүмкін. 
Ал оң жақтан басқарылатын көліктің рөлін сол жаққа ауыстырылған көлікті тіркеу үшін арнайы зертханалар мен Сауда және интеграция министрлігінен аккредитацияланған орталықтарың мінездемесі керек. 
Арменияда берілген мемлекеттік нөмір мен техникалық құжат қайда сақталады?
Арменияда берілген нөмір мен техникалық құжат тіркеу кезінде арнайы орталықтандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізіліп, көлік иесі қажет еткенше сақталады. 
Оларды алу мүмкіндігі автокөлікті иесі тұрақты түрде тіркеуден алып тастау туралы өтінішімен беріледі. 
Тіркеудің мерзімсіз екені рас па?
Тіркелген автокөліктерді эксплуатациялаудың міндетті уақыты белгіленбеген. Тек көлік иесінің өз шешімімен ғана эксплуатация уақыты белгіленеді. 
Мұндай көлікті қалай сатуға болады?
Егер шетелдік көліктің иесі өз мүлкін сатқысы келсе, келесі талаптарды орындауы тиіс: 
- автокөлікті Қазақстан тіркеуінен шығару керек және құжат пен мемлекеттік нөмірді өткізу керек; 
- арнайы халыққа қызмет көрсету орталығынан армениялық нөмір мен құжатты алу; 
- автокөлікті Арменияның тіркеуінен шығару; 
- Қазақстан заңдарымен бекітілген шығындарды өтеу. 
Осы талаптарды орындаған армениялық көліктің иесі ғана мүлкін саудалай алады. 
Сонымен қатар Армениядан әкелінген көлікті сол елдің берген құжатында аты көрсетілмеген азаматқа тіркеу мүмкін емес. Жоғарыда аталған дүниелер 1-маусымнан бастап жұмыс істей бастайды. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жиын өткізді17:20Ереван: Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді15:40ҚР ДСМ: Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі14:42Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталды12:41Цой: Қазақстанда биоқауіпсіздік туралы заң әзірленеді11:46Ержан Біржанов еңбек вице-министрі болып тағайындалды10:40Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін берілетіні белгілі болды09:56ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алғыс айту күнімен құттықтады09:44Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады09:00Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады08:29Түркістандағы қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды16:35Қарағандыда туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды14:31Түркістан: Төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды12:34Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды10:20Түркістанда бес адам иіс тиіп көз жұмды21:58