Mazir
08 июл 12:44korilim:3 534 Ekonomika

Карантин кезінде сізге қандай әрекетіңіз үшін айыппұл салынады?


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар санитарлық-эпидемиологиялық міндеттерді бекітіп, коронавирустың таралауының алдын алу мақсатында жүргізілуі тиіс шараларды көрсетті. Егер аталған талаптар орындалмаса айыппұл арқалауыңыз ғажап емес. 
Ұйымдар үшін: 
- дене қызуын өлшейтін құрылғылар болмаса; 
- кіреберісте санитайзерлер болмаса;
- жеке гигиена заттары (сабын, антисептик) болмаса; 
- жұмыс орынында антисептиктің болмауы; 
- жұмыс кестесі болмаса; 
- бактерияларды өлтіретін лампалар мен рецеркуляторлар болмаса; 
- қорғаныс заттары (маска, қолғап) уақытында ауыстырылмаса; 
- дүкендерде 1 метр арақашықтық сақталмаса; 
- қызмет көрсететін орындарда алдын ала жазылу арқылы қабылдамаса; 
- қоғамдық тамақтану орындарында 1 метр арақашықтық сақталмаса; 
- қызмет көрсету саласында 2 метр арақашықтық сақталмаса; 
- қоғамдық көлік жүргізушілерінде маска мен қолғап, антисептик болмаса айыппұл салынады. 
Азаматтар үшін: 
- жабық ғимараттар мен қоғамдық көліктерде маскасыз жүрсе; 
- қоғамдық орындарда 1 метр арақашықтық сақтамаса; 
- 3 адамнан артық жиналып жүрсе айыппұл салынады. 
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 425-бабы бойынша азаматтарға аталған талаптарды орындамаған жағдайда 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынады. 
Кәсіпкерлер үшін: 
Шағын бизнеске – 230 АЕК (638 940 теңге). 
Орта бизнеске – 310 АЕК (861 180 теңге). 
Ірі бизнеске – 1600 АЕК (4 444 800 теңге. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: