Mazir
09 июл 16:04korilim:1 651 Ekonomika

Қаржы министрлігінің түсіндірмесі: 42 500 теңге алған қазақстандықтарға несие берілмейді



42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алған қазақстандықтарға несие беріле ме? Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов түсіндірді.

Брифинг барысында вице-министрге тексеру барысында азаматтардың төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем алғандығы анықталса, банк менеджерлері несие беруден бас тартқанын айтып шағымданды.

«Қаржы нарығының дамуын реттейтін агенттіктің қолданыстағы нормативтік құқықтық актісіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер несие тарихының нашарлауына негіз болып табылмайды», - деп атап өтті Шолпанқұлов.

Шағымданған азаматтарға нақтылау үшін тағы бір мәрте банкке хабарласуды ұсынды.

 «Егер банк осы себеппен бас тартатын болса, онда азаматтар уәкілетті органға шағымдануға құқылы», - деп кеңес берді Шолпанқұлов.

Уәкілетті орган - қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: