Mazir
16 июл 12:29korilim:940 Ekonomika

Қанша қазақстандық аппаратпен тыныс алып жатыр?


ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев елдегі коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтты. 
Оның айтуынша, қазір еліміздегі ауруханалардың анестезиология және жан сақтау бөлімдерінде 306 науқас ем алып жатыр. 
«265 науқас ауыр жағдайда, 41 науқас өте ауыр жағдайда жатыр. Коронавирус жұқтырған 67 адам Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Осы типтес ем 133 науқасқа қолданылуда. 106 адам оксигенотерапия алса, 9 265 адам әдеттегідей тыныс алып жатыр», - деді ол. 
Айта кетейік, елімізде бір апта ішінде 11 мың адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: