Mazir
03 авг 11:43korilim:948 Ekonomika

Министр: Індеттің шарықтау шегі артта қалды


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтала бастағанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, 3-тамызға дейін елімізде 92 662 науқас тіркеліп, оның 67,5 пайызы (62 511 адам) емделіп шыққан. 
«Тек соңғы тәулік ішінде 672 адам осы індеттен толық айығып шықты», - деді министр. 
БҚО, Алматы, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал жақсара бастаған. 
«Осылайша, біз еліміздегі індеттің шарықтау шегінен өттік. Қазір жағдай тұрақталды. Мұны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Ендігі уақытта біздің міндетіміз – үлкен еңбекпен келген нәтижені ұстап тұру», - деді министр. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: