Mazir
12 авг 10:10korilim:1 313 Ekonomika

Мемлекеттік сатып алулар кімге «майлы жілік» болып көрінеді?


Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 7,5 триллион теңге көлеміндегі мемлекеттік сатып алулар қаражатына камералдық бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 647 миллиард теңгеге қатысты құқық бұзушылықтар орын алғанын мәлімдеді. 
«Соңғы жеті айда жалпы көлемі 7,5 триллион теңгені құрайтын 1 миллион мемлекеттік сатып алу процедураларына камералдық бақылау жүргізілді. Тексеру қорытындысында 647 миллиард теңгеге қатысты заң бұзушылықтар орын алғаны тіркелді», - деді Жамаубаев. 
Осылайша мемлекеттік сатып алу процедураларындағы әрбір 12-ші теңгеге қатысты заң бұзылғаны расталып отыр. Министрдің айтуынша, 543 миллиард теңге бюджет қаражатына қатысты 933 аудиторлық шара жүргізілген. 
«688 миллиард теңге бюджет қаражатына қатысты қаржылық құқық бұзушылық анықталды. Тауарларды қайта қалпына келтіру және қызмет көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетті өтеу және бухгалтерлік есеп бойынша 162 миллиард теңгеге қатысты тәртіп бұзушылық жойылды», - деді министр. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: