Mazir
17 авг 11:49korilim:1 203 Ekonomika

Жаңа ереже: ПТР-тест тапсырмасаң, 14 күн үйде боласың


Қазақстан Республикасының Бас санитар дәрігерінің 15 тамыздағы қаулысымен шетелден келетін жолаушыларға қатысты ереже бекітілді. Қазақстан бірқатар елдерге әуе жолын ашты. Олар үш санатқа бөлінген. 
Бірінші санаттағы елдер: ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланды, Ресей. Аталған елдерден келетін жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, анкета толтырылады. 
Екінші санаттағы елдер: Польша, Өзбекстан, Тәжікстан. Бұл елдерден келген жолаушылар да анкета толтырып, қызуын өлшетеді. Сонымен қатар мерзімі 5 күннен аспайтын және коронавирус инфекциясы жоқтығын растайтын ПТР-тест анықтамасы болса, ешқандай шектеу қойылмайды. 
Егер анықтама болмаса шетел азаматтары тоқтаған жері бойынша (қонақ үй, жалдамалы пәтер), қазақстандық азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша 48 сағат ішінде ПТР-тест тапсыруға немесе 14 күн үйде оқшаулануға міндетті екендігі туралы хабарлама алады. 
Үшінші санаттағы елдерге тұрақты әуе көліктері қатынамайды. Тек эвакуациялық немесе чартерлік рейстерге ғана рұқсат етілген. Осындай рейспен келген жолаушыларға екінші санаттағы елдерден келген жолаушылармен бірдей талап қойылады. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: