Mazir
06 окт 13:24korilim:905 Ekonomika

Қазақстан билігі Қырғыз еліндегі жағдайға баға берді


Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді. 
Ол көрші мемлекетте болып жатқан оқиғаны Қырғызстанның ішкі мәселесі деп бағалаған. 
«Қазақстан бауырлас Қырғыз елімен достық қарым-қатынасын дәстүрлі түрде дамытып, стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға мүдделі. Қырғызстандағы жағдай Конституцияға сәйкес тұрақталады деп сенім білдіреміз», - деп жазды ол. 
Президенттің баспасөз хатшысы Қазақстан тарапы қырғыз халқы мемлекеттік мүдде үшін осындай қиын жағдайдан шығатын жол табады деп сенетінін жеткізді. 
Еске сала кетейік, 5-қазанда парламенттік сайлау қорытындысына наразы халық бас көтерген. Ереуілге шыққандар «Ақ үйді» басып алып, тергеу изоляторында жатқан Алмазбек Атамбаевты, Сапар Исаковты, бірнеше шенеунік пен депутаттарды босатып алған.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: