Beisenbi, 23 Qantar 2025
Mazir
05 ноя 13:18korilim:1 212 Ekonomika

Зейнеткерлер ипотекаға үй ала алады


Жасы 65-тен асқан зейнеткерлер 5-20-25 бағдарламасымен ипотекаға үй ала алады. 

Жаңа ереже бойынша несие тек үйге мұқтаж ретінде әкімдіктің кезегінде тұрғандарға беріледі. Ипотекалық қарыз алу үшін зейнеткер өзімен бірге сенімді екі адам ерітіп келуі керек. Олардың айлық табысы 101 мың теңгеден жоғары болуы шарт. Пәтерді жаңа үйлерден де жеке тұрғын алабынан да сатып алуға мүмкіндік бар. 

Айта кетейік, Ұлттық банк осы бағдарламаға 390 млрд теңге бөлді. Оның 180 млрд-ы құрылысқа жұмсалады. Яғни елдің өңірлерінде 15 мың пәтер салынбақ. Қалған 210 млрд теңгесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне беріледі. Ол кезекте тұрғандарды қаржыландырады.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:

0
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: