Mazir
16 ноя 11:19korilim:3 658 Ekonomika

Қазақстанда үй арзандауы мүмкін


Қазақстандағы тұрғын үй бағасы 10 процентке дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы жылжымайтын мүлік нарығы бойынша сарапшы Анель Мұқатова хабарлады. Бірақ қазірдің өзінде бағаны қолжетімді деу қиын. Қазан айында жаңа үйлердің орташа құны шаршы метрі үшін 305 мың теңгеден асты. Өткен айда елордада жасалған 5000-ға тарта келісімнің жартысынан көбі ипотекалық бағдарламалар арқылы рәсімделген.

Жылжымайтын мүлік агенттігі арқылы келіссөздер негізінен екінші нарықтағы үйлерге байланысты жасалды. Көпшілік мұндай үйлерді 11 процентке қымбат алуға мәжбүр болды. Сол себепті болар келісімдер алдыңғы айға қарағанда 9 процентке аз рәсімделген.

Еске салайық, келесі жылы бас қалада 10 мың әлеуметтік пәтер пайдалануға беріледі.
Анель Мұқатова, жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы: 
Елордада өткен айда жылжымайтын мүлік бойынша 4780 сату-сатып алу келісімі жасалды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 9,6 процентке аз. Десе де, агенттік көрсетететін қызметтер үлесі артқан. Оның 60 проценті ипотекалық келісімдер болды. Ипотекалық несиелеу негізінен екінші нарықтағы үйлерге тиесілі. 


Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: