Mazir
06 янв 12:53korilim:982 Ekonomika

Дүниежүзілік банк әлем экономикасына қатысты болжам жасады


Биыл әлем экономикасы былтырғы құлдыраудан кейін 4 процентке өсуі мүмкін. Дүнижүзілік банк осылай деп болжам жасап отыр. Бірақ сарапшылар оның бірқатар мәселеге тәуелді екенін айтады. Мысалы, коронавирус індетінің таралуы жалғасып, халықты вакциналау жеделдетілмесе, даму 1,6 процентке қысқаруы мүмкін. 

Індеттен миллиондаған адам кедейленгендіктен экономикалық белсенділік те төмен болмақ. Ал ресми дерекке қарағанда өткен жылы әлем экономикасы 4,3 процентке төмендепті. Мамандар бұл 1945-ші жылдан кейінгі ең үлкен құлдырау деп отыр. Ол кезде әлем экономикасы 9,8 процентке қысқарған екен.

Айхан Косэ, ДБ-ның Әділ даму және қаржы жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы: Биыл әлемде экономиканың дамуы қайта жандануы тиіс. Егер дамыған елдерде оның деңгейі 3,3 процентті болса, дамушы елдерде 5 процентке жетеді деп болжап отырмыз.

Дереккөз: 24.kz
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: