Mazir
15 мар 12:43korilim:776 Ekonomika

Асхат Аймағамбетов: Мектептер бейнебақылаумен 100 пайыз қамтылды

Еліміздегі мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды bairaq.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды, 100 пайыз көштік. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз, жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілді», - деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, орта білім беру жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі - қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы.

«Осы мәселені шешу жолдарын пысықтадық. Соның ішінде "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске қосып жатырмыз. Оның аясында мемлекеттік тілдегі көркем әдебиеттің мектеп кітапхана қорында айтарлықтай жаңарту міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды биыл шешу керек. Сонымен қатар, кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселесі де өте маңызды. Бұл бойынша тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы жүктеген еді. Сондықтан осы жұмысты биыл жалғастырамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: