Mazir
05 апр 12:39korilim:841 Ekonomika

Асқар Мамин мен Татарстан Президенті Саран қаласында шина зауытының құрылысын бастап берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Татарстан Президенті Рустам Минниханов Қарағанды облысының Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысын бастап берді. Бұл туралы primeminister.kz. сайты хабарлады.

Жобаны «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ және «Татнефть» ЖАҚ бірлескен кәсіпорны – «KamaTyresKZ» ЖШС жүзеге асырады. Зауыттың өндірістік қуаты бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 млн көпбейінді шинаны құрайды, кейіннен жылына 9 млн шинаға дейін жеткізіледі. 

Зауыт ҚР автомобиль өндірісін оқшаулау деңгейін арттыруға және шиналар импортын алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте өнімнің 40%-ын экспорттау жоспарлануда. Жобаны 2022 жылдың соңында іске асыру жоспарланған. Инвестициялардың жалпы көлемі 125 млрд теңгені құрайды.

Үкімет басшысы шина зауытын салу жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты іс жүзінде кеңейгенін айғақтайтынын атап өтті. 

«Саран қаласында шина зауытын салу Қарағанды облысының және жалпы Қазақстанның экономикасына мультипликативті әсерін тигізеді, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құрады. Зауыт өңірдегі ең ірі зауыттардың біріне айналады, оның өнімдері жоғары экспорттық әлеуетке ие болады», — деді А. Мамин. 


Татарстан Президенті Р. Минниханов өз сөзінде Қазақстан Татарстанның жетекші шетелдік серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. 2020 жылы пандемияға қарамастан тауар айналымы 14%-ға өсіп, $630 млн-нан асты.

Фото: primeminister.kz

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: