Mazir
17 апр 15:39korilim:822 Ekonomika

Жер комиссияның төртінші отырысы өтті

Жер реформасы жөніндегі комиссияның төртінші отырысында 49 жылға дейін жалдау мерізімі жөніндегі мәселелер талқыланып, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов отырысты қорытындылады.

«Біріншіден, қазақстандықтарға жалға беруді жаңа мерзімге ұзартуға басымдық құқығымен ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін ұзақмерзімді жалға алу мүмкіндігін беру бойынша тиісті заң нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылсын.

Екінші, қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалдау құқығын мемлекеттен сатып алмай иеліктен шығару мүмкіндігін беру бойынша нормаларын сақтап, тиісті заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылсын.

Үшіншіден, ҚР Үкіметіне елді мекендер айналасында жайылымдар тапшылығы мәселелері бойынша талдау жүргізіп, олардың жетіспеушілігі проблемаларын шешу ұсынылсын.

Төртіншіден, Жер кодексінің 50-бабының 4-тармағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерін белгілеу нормаларын қарастыруға байланысты латифундистерді болдырмау туралы ұсыныс. Бұл мәселенің заңнамада шешімі бар болғандықтан комиссия қарауынан алып тастауға ұсыныс енгізілді.

Бесінші, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша, әкімшілік шекаралар өзгерген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін сәйкестендіру құжаттарын қайта дайындау үшін бюджет қаражатын көздейтін норманы заңнамалық түрде бекіту ұсынылсын.

Алтыншы, ауыл шаруашылығы жерлерін субарендаға беру қолданыстағы заңнамада қарастырылмағанына байланысты, бұл сұрақ комиссияның күн тәртібінен алынсын. Бір апта шеңберінде жұмыс топтарында осы мәселелер талқыланды, оған бәріңіз атсалыстыңыздар. Соған байланысты сіздердің келісімдеріңіз бойынша бүгін осы мәселелер комиссия отырысына шығарылды. Сондықтан, дауыс беруге бәріңізді шақырамын», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Фото: no-comment.kz

Басу
order besivance sale - generic besivance where to buy sildamax without a prescription

order probenecid 500mg generic - oral carbamazepine 200mg buy tegretol 200mg pill

order mestinon 60 mg generic - purchase mestinon generic order azathioprine 25mg sale

order accutane 40mg sale - accutane price zyvox for sale online

buy cheap generic omnacortil - order omnacortil 10mg pill buy generic progesterone

acyclovir sale - buy allopurinol 300mg pills rosuvastatin 20mg without prescription

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: